Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​ПМХЗ тәуліктік өңдеу рекордын жаңартты

342 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) болып, зауыттағы жоспарлы алдын алу жұмыстарын және негізгі инвестициялық жобалардың іске асу барысын тексерді.

Қазіргі таңда зауыт кеңейтілген және үш жылдық жөндеуаралық кезеңге көшуге дайындалып жатыр, бұл оның технологиялық тұрақтылығының артқанын көрсетеді.

Жиында биылғы жеті айдағы жұмыс қорытындысы талқыланды: кәсіпорын 3,1 млн тонна мұнай өңдеп, өткен жылмен салыстырғанда 142 мың тоннаға артық өнім шығарды. Сонымен қатар, зауыт 890 мың тонна бензин және 1,1 млн тонна дизель отынын өндіріп, өткен жылғы көрсеткіштерден 41 мың және 134 мың тоннаға асып түсті. Тәуліктік жүктеу рекорты 18 мың тоннаны құрап, жылдық өңдеу көлемін 5,7 млн тоннаға жеткізу мүмкіндігі бар.

Жоспарлы алдын алу жұмыстары мерзімінен бір күн бұрын аяқталып, қосымша 11 мың тонна жеңіл мұнай өнімін өндіруге мүмкіндік берді.

Операциялық тиімділік те жоғары: жеті ай ішінде технологиялық отынды жағу мен қайтарымсыз шығын 5,2%-ға төмендеді. Зауытта жасанды интеллект енгізуге арналған пилоттық жобалар қолға алынған, олар жабдықтың істен шығуын алдын ала анықтауға, сенімділік пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Қауіпсіздік бақылауы smart-каскалар мен i-Saq робот-патруль сияқты инновациялық шешімдер арқылы күшейтіліп жатыр.

Жалпы, ПМХЗ жоғары операциялық тиімділік арқасында ішкі нарықты сапалы жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз етуде.

22 тамыз, 00:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.