
Премьер-Министрдің тапсырмасымен Атырау облысында бірқатар жылу және энергиямен қамтамасыз ету нысандарына кешенді тексеріс жүргізілді.
Үкіметтік жұмыс тобының құрамында Премьер-Министрдің кеңесшілері Ералы Тоғжанов пен Нұрлан Ұранхаев, сондай-ақ салалық министрліктер мен мемлекеттік бақылау органдарының өкілдері болды.
Атырау облысында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Үкіметтік жұмыс тобының мәліметінше, тұрғын үй қорының дайындығы қазіргі таңда 80%-ды құрайды. Білім беру мекемелерінің 96%-ы, ал денсаулық сақтау нысандарының 90%-ы жылыту маусымына толық әзір.
Облыс бойынша барлығы 723 қазандық тіркелген, оның 593-і (82%) жаңа маусымға дайын. Атырау жылу электр орталығында (ЖЭО) жылу қазандықтары мен турбоагрегаттарды жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр және қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, облыс орталығындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 601 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта олардың тозу деңгейі орта есеппен 52% шамасында. Бұл бағытта негізгі коммуналдық кәсіпорын 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарын әзірлеген.
В Атырау 0