Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Жаңа кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға берілді

290 рет қаралды
Көрнекі сурет

Президент Тоқаевтың тапсырмалары аясында газ саласында қуаттылықты арттыру және тасымалдау бағыттарын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Үкіметтің басты міндеті — халық пен экономиканы сенімді түрде газбен қамтамасыз ету.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің мәлімдеуінше, қазіргі кезеңде сала негізгі назарды «Газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ресурстық базаны кеңейтуге және қайта өңдеуді дамытуға аударып отыр.

«Рожковское, Шығыс Өріктау және Анабай жаңа кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында және Жаңаөзенде ірі газ өңдеу зауыттарының құрылысы жүргізілуде. Қашағандағы жылына 1 млрд м³ қуаттылықтағы ГӨЗ құрылысын 2026 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, осы жылдың мамыр айында «Бейнеу — Бозой — Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды, бұл газ тасымалдау жүйемізді айтарлықтай нығайтады», — деді министр.

21 тамыз, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.