Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жайықтағы түнгі жарыс: тыныштық жоқ, тек хаттамалар бар

Бейнежазба
369 рет қаралды

Атырауда Жайық жағалауындағы тұрғындар өзеніндегі моторлы қайықтардың шуына шағымданды. 

Олардың айтуынша, қайықтар түн ортасынан таңға дейін жүріп, моторлардың қатты гуілі мен жолаушылардың шаттанған дауысы тыныштық бермейді екен. Олар тәртіп орнатып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы («Тыныштықты бұзу») бойынша шара қолдануды сұрап отыр.

Алайда полиция маусым айынан бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабы («Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша 16 хаттама толтырылғанын хабарлады. Бұған тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу кіреді.

Сонда қала тұрғындары түнгі шуға шағымданса, оларға жауап ретінде «шомылу және мал суару» туралы статистика келтіріп отырғаны ма?!

Ал қайықтар ұйқыға кеткен Атырау тұрғындарын оятуды жалғастырып жатыр.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен видеоны түсірген автор

21 тамыз, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.