Атырау, 5 желтоқсан 08:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Италия “жеңіл НАТО” ұсынды

240 рет қаралды

Еуропалық көшбасшылар Италия премьері Джорджа Мелони ұсынған жаңа Украина қауіпсіздігі механизмін талқылауда, деп хабарлайды УНИАН.

Bloomberg хабарлауынша, жоспарға сәйкес, Ресей жаңа агрессия жасаған жағдайда Киевті қолдайтын елдер 24 сағат ішінде әскери немесе экономикалық көмек көрсету туралы шешім қабылдауға міндетті болады.

“Жеңіл НАТО” деп аталған бастама НАТО-ның ұжымдық қорғаныс принципіне ұқсас, бірақ Украинаға толық мүшелік беруді көздемейді. Мелонидің идеясына сай, Киевпен екіжақты келісімге қол қойған елдер жаңа шабуыл кезінде әрекеттерін жылдам үйлестіруі тиіс.

Механизм Украинаға тез арада қорғаныс көмегін көрсету, қаржылай қолдау көрсету, Қарулы күштерді нығайту және Ресейге қарсы санкцияларды күшейту сияқты бағыттарды қамтуы мүмкін, бірақ әлі нақты американдық немесе басқа ел әскери контингентін жіберу жоспары белгісіз.

Бұл идея АҚШ президенті Дональд Трамп, Владимир Зеленский және еуропалық көшбасшылардың Вашингтондағы кездесуінен кейін ұсынылды. Кездесуден соң Трамп қауіпсіздік кепілдігін беруге дайын екенін айтты, бірақ АҚШ әскерін Украинаға жібермейтінін, тек әуе қолдауын қамтамасыз етуі мүмкін екенін атап өтті.

Италия қорғаныс министрі Гвидо Крозетто: “Нақты формат әлі талқылануда: НАТО Украинаға қорғаныс бере ме, әлде жеке елдер өз міндеттерін атқара ма – уақыт көрсетеді” деді.

Мелони бастаманың “НАТО 5-бабы үлгісі” екенін, бірақ қазіргі жағдайға бейімделгенін, сондай-ақ Рим АҚШ пен Еуропа арасындағы көпір салушы болуға ұмтылатынын атап өтті.

21 тамыз, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.