Атырау, 5 желтоқсан 08:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Украина тағы бір ТМД келісімінен шығуды жоспарлап отыр

218 рет қаралды

Украина Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аясындағы тағы бір келісімнен шығуға шешім қабылдады. Бұл туралы ел үкіметінің өкілі Тарас Мельничук өзінің Telegram-каналында хабарлады, деп жазады АА.

«ТМД қатысушы мемлекеттер арасындағы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды жинау принциптері туралы Келісімнен шығу туралы заң жобасы мақұлданды», – деп жазды Мельничук.

Аталған құжатқа Мәскеуде 1998 жылдың 25 қарашасында қол қойылған және Украинада 2000 жылдың 20 сәуірінде ратификацияланған.

21 тамыз, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.