
Бүгін, 21 тамызда «KPI inc.» газ-химиялық кешеніндегі PDH қондырғысы тоқтады. Апаттың алдын алу үшін қысым газ алауына шығарылды.
Таңғы сағат 05:57-де қондырғыдағы 11-С-10001 GT Unit 2 регенерациялық ауа компрессоры тоқтап қалды. Сол себепті технологиялық процесс де уақытша тоқтатылды.
Атырау облысының экология департаменті хабарлағандай, қысымды тұрақтандыру үшін газ алау қондырғысына бағытталды. Бұл әрекеттер ережеге сай жасалған және жұмысшылар мен тұрғындарға қауіп төнген жоқ.
Қазір экология департаменті тексеріс жүргізіп жатыр.
В Атырау +4