Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«Халық бізге қарсы»: Янаның ісі бойынша айыпталушылар алқа билердің орнына судьяны таңдады

346 рет қаралды

Атырауда 23 жастағы атыраулық Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі басталды.

Бастапқы тыңдауда айыпталушылар Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов адқа билерден бас тартып, өздерін қала тұрғындары емес, кәсіби судья соттағанын қалайтындарын айтты.

«Істі кәсіби судья қарағанын қалаймын. Іс резонансты, халық бізге қарсы болады», — деді Хайржанов. Оның айыпталу сыбайласы да бұл шешімді қолдады.

Куәлардан жауап алу және айғақтарды зерттеуге қатысты негізгі сот отырысы 17 қыркүйекке тағайындалды. Кейінге қалдыру себебі – айыпталушылардың жаңа адвокаты іс материалдарымен танысуға уақыт сұраған.

Еске салайық, жас қыздың қатыгездікпен өлтірілуі қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Халық әділдік пен айыпталушыларға ең қатаң жаза қолдануды талап етуде. Сот процесі ашық түрде өтетін болды.

Айгүл МАНСУРОВА

21 тамыз, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.