
Швеция мен Норвегияның пошта компаниялары — PostNord пен Posten Bring — АҚШ пен Пуэрто-Рикоға тауар жіберуді уақытша тоқтатты. Себеп — американдық кеден ережелеріндегі өзгерістер.
PostNord хабарлауынша, 23 тамыздан бастап тауарларды АҚШ пен Пуэрто-Рикоға жіберу уақытша тоқтатылады. Бұл жаңа кедендік және тарифтік ережелерге сәйкес енгізілген өзгерістерге байланысты. Ережелер бойынша де минимис (de minimis) жеңілдігі — $800-ға дейінгі кедендік құны бар тауарлар үшін салықсыз жеткізу тоқтатылған.
Тоқтату Швеция мен Даниядан жіберілетін тауарларға қатысты. Posten Bring компаниясы да осындай шешім шығарғанын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп кедендік құны $800-ге дейінгі тауарларға кедендік төлемсіз әкелуге мүмкіндік беретін de minimis ережесін уақытша тоқтатқан болатын.
В Атырау +4