
Біріккен Ұлттар Ұйымының Конгодағы тұрақтандыру миссиясы (MONUSCO) шығыстағы Бени мен Луберо аудандарында 9-16 тамыз аралығында «Конго Демократиялық Күштер Альянсы» (ADF) жасаған шабуылдар салдарынан кемінде 52 бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлады. Олардың ішінде 8 әйел мен 2 бала бар, деп хабарлайды АА.
Сондай-ақ, 28 маусымда Итури провинциясындағы Команде ауылында ADF түнгі рейд жүргізіп, 43 бейбіт тұрғын, оның ішінде католик студенттері қаза тапқаны хабарланды.
БҰҰ миссиясы Конго билігін жаппай кісі өліміне қатысты тергеу жүргізуге және кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды.
Миссияның хабарламасында Угандада құрылған ADF соңғы жылдары шығыстағы аймақтарда белсенділігін арттырып, саяси тұрақсыздық пен жергілікті қақтығыстарды пайдаланып, Солтүстік Киву провинциясында өз позицияларын күшейткені атап өтілді.
БҰҰ арнайы өкілі және Конгодағы миссияның басшысы Бинту Кейта: «Бұл шабуылдар қабылданбайтын және халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтарының ауыр бұзылуы болып табылады» – деді. Кейта шетелдік қарулы топтарды қаруды тастап, өз елдеріне оралуға шақырды.
В Атырау +4