Атырау, 6 желтоқсан 05:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Фермерлердің шағымынан кейін Жем өзеніне​ мал суаты жасалуда

398 рет қаралды

Өткен жылдан бері Жем өзені мен Құрсай өзегінде түп тереңдету, арнасын кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Млрд-таған қаржыға жасалып жатқан бұл игі іс биыл да жалғасын тапты. 

- Біздің бұл жұмысқа қарсылығымыз жоқ. Жем өзені бойында бірнеше шаруа қожалықтары малмен отыр. Жергілікті тұрғындар да малын осы бағытқа бағыттауда. Адайда өзенге бару мүмкін емес. Мал батпаққа батуда,-дейді "АЖ" поштасына хабарласқан фермерлер. 

Өткен жылы суат қалдыру жөнінде фермерлер бастама көтерген болатын. Мердігер мен тапсырысшы биылғы су келуінен кейін мал суатын жасақтап береміз деген уәдесі бар еді. Бірақ бірнеше ай өтсе де мал суаты жасақталмаған болып шықты. 

- Мал суатын ашу түп тереңдету жобасында көрсетілмеуіне байланысты жасалған жоқ  еді. Түп тереңдету жұмыстары жұмысының нәтижесінде өзен жағасы ұймалы батпаққа айналып, жай кебуі салдарынан жылқылардың жағада жығылуы анықталды. Мал иелеріне бақылау қажеттігін қатаң ескерте отырып, суат жасақтап беру ұйғарылды,-дейді Жылыой,ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Жәнібек САБЫРОВ.

Суат жасау ісін "СапИнвест" ЖШС 17 тамыздан қолға алған. Тұрғындардың өтініші бойынша 4 жерге суат жасалатын болды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 тамыз, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.