Атырау, 5 желтоқсан 08:05
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда жоғалған жігіттің сүйегі табылды

787 рет қаралды

Бұған дейін «АЖ» 24 жастағы Жасұлан Үмбетов жоғалып кеткені туралы хабарлаған еді. Ақыры қайғылы жағдайға ұшырады.

Бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен жас жігіт Жилгородоктағы жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл ақпаратты марқұмның туыстары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері растады. Оның сүйегі бүгін Жайық өзенінен табылды.

Бұған дейін отбасы оның үйден шығар алдында телефонын қалдырып кеткенін, оның жады мен контактілерін толығымен тазалап тастағанын хабарлаған. Камера оны соңғы рет Алмагүл шағынауданында тіркеген.

Айгүл МАНСУРОВА

1 тамыз, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.