Атырау, 5 желтоқсан 08:22
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда телефонындағы барлық деректі өшіріп, ғайып болған қала тұрғыны іздестірілуде

426 рет қаралды

26 шілдеде жоғалған 24 жастағы Жасұлан Үмбетовті іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Туыстарының айтуынша, ол үйінен шығып кеткен, содан бері хабарласпаған.

Жоғалған жігіттің ағасы Аслан Үмбетовтің сөзінше, Жасұлан үйінен кетер алдында телефонын қалдырып кеткен, оның алдында бүкіл контактілерді жойып, құрылғы жадын тазартқан. Оны соңғы рет Алмагүл ықшам ауданындағы бейнебақылау камералары тіркеген – бұл оның соңғы белгілі болған жері.

- Осыдан кейін ол еш жерде көрінбеді: көшеде де, қоғамдық орындарда да болмады. Біз полицияға хабарластық, таныс орындарды түгел араладық, достарымен және әріптестерімен сөйлестік — ешқандай ақпарат жоқ. Полиция іздеп жатыр, бірақ әзірге нәтиже жоқ, — дейді ағасы.

Туған-туыстарының айтуынша, Жасұлан соңғы тоғыз ай бойы букмекерлік қосымшаларда бәс тіккен және күйзеліске түскен. Оның жоғалуын қарыздарымен байланысты болуы мүмкін деп болжайды.

— Біз жаман нәрсе боларынан қорқамыз. Бірақ оның тірі табыларына әлі үмітіміз бар, — дейді жақындары.

Атырау облысы полиция департаменті 2001 жылы туған азаматтың із-түссіз жоғалғаны туралы арыз 26 шілде күні сағат 21:00-де түскенін растады.

— Қазіргі уақытта іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, жас жігітті полиция қызметкерлері іздеуде, — деді ведомстводан.

Туған-туыстары Жасұлан Үмбетовтің қайда екені туралы қандай да болмасын  ақпарат білетіндерді "102" телефоны арқылы хабарласуға шақырады.

Айгүл МАНСУРОВА 

30 шілде, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.