ZHASALASH.KZ. "“Ауырмайды жүрек” президенттiң жүрегiн ауыртты (видео)" - Бұл жерде Қайраттың еш кiнәсi жоқ. Мұны мен Қайратты жексұрын қылу үшiн бiреулер әдейi ұйымдастырды деп есептеймiн” дептi Г.Айдарбекова. Осы оқиға болған күнi Алматының төрiнде Н.Назарбаевтың немересi Айсұлтанның үйлену тойы өтiп жатқанын айттық. Президентпен құда болып төрде отырмаса да, тойдың қалай өткенiн жақсы бiлетiн бiр оқырманымыз хабарласып, мысқылдап былай дедi: “Қайрат Нұртастың тыңдарманы шынымен, көп екен. Әлгiндей оқиға болғанын естiгенде, “Қайрат – чемпион! Девственник №1” деген шалажансар фильмсымақ бар емес пе едi, сол есiме түстi. Мен мұны сәл-пәл өзгертiп, “Қайрат – чемпион! Оппозиционер №1” деп атадым. Өйткенi бiр деммен екi мыңнан астам адам жинап, елiртiп жiберу дегенiңiз...
"Назарбаевтардың отбасы дүркiретiп той өткiздi" - Талқылаушылардың басым бөлiгi Айсұлтанның тойынан гөрi, оған қатысатын әншi, бишi және қонақтар жайлы көбiрек сөз етiстi. Әрине, ел басшысы сыйлы қонақ болатын бұл тойдың өзгелерге де қызық көрiнерi анық. Алайда әлеуметтiк желiлерде “Айсұлтан Н.Назарбаевтың немересi ме, әлде жиенi ме? Егер жиенi болса, нелiктен тегiн Назарбаев деп ауыстырған?” деген сұрақтарға ешкiм нақты жауап таба алмады. Ендi жас келiн де тегiн Назарбаева деп ауыстырды. Осыған қарап бұл тойдағы Әлиевтер отбасының рөлi мен маңызы былайғы жұртқа беймәлiм күйiнде қалды. Дариға мен шетел асып, елден қашқан Рахаттың ұлы Айсұлтанның көзi тiрi атасы Мұхтар Әлиевтiң емес, нағашы атасы Назарбаевтың тегiмен аталуында не сыр бар? Бұл сұрақтың жауабы айтылар күн әлi алда.
AZATTYQ.ORG. "Айсұлтанның тойын талқылағандар еркіндік жайлы аз айтты" - Батыс басылымдарында Қазақстан президенті немересінің үйлену тойында америкалық рэпер Канье Уэстің өнер көрсеткенін келемеждеген, сөгіп-мінеген хабарлар пайда болды. Ал қазақстандық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жұрт Алматыға Канье мен Бейонсенің қайсысының келгенін анықтаумен әлек болды.
"Тұтқынды азаптағаннан кейін торға керіп тастаған" - Орзу Имроншоевті түрмеде азаптаған 13 адамға қозғалған қылмыстық іс олардың бесеуін түрмеге отырғызумен аяқталды. Құқық қорғаушылар «түрмедегі азаптаулар азайған жоқ» дейді.
"Пәкістанда кей мектептер жиһад туралы қайта оқытпақ" - Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва өлкесі басшылары мектеп оқулықтарын өзгерткісі келеді. Реформа жүзеге асса, жиһад туралы сабақтар қайта оқытылады. Мамандар «бұл экстремизмді күшейтеді» дейді.
ZHEBE.COM. "Ауданды жұрттың, әруақты ұлттың аты" - 1925 жылдың 17 сәуіріне дейін біздің қазақты өзге жұрттың бәрі «киргиз» деп атап келді. Әуелгіде қазақты Ресейдегі «казактармен» шатастырмау үшін айтылған, кейіннен Патша ұлықтарының кемсітіп сөйлегенде қолданатын «киргизын» құлақ үйренген шақта қазақ оқығандары да жаза бастады. Сол үрдіспен Патшалық Ресей тұсындағы барлық кеңселік құжатта елдің аты «киргиз» атанып, 1920 жылы құрылған Кеңестік автономия Қырғыз Советтік Социалистік республикасы атанды.
"Балаңызды қазақ мектебіне беріңіз" - Егер тілге байланысты мәселеге мән бермесек, президенттің «2020 жылға дейін қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуі керек» деп мәлімдемесі бос сөз болып қалады. Ал президенттің бұл айтқандарына оның айналасындағы атқамінерлер кереғар саясат ұстанып отыр. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі керемет жаңалық ашқандай баланы бірінші сынаптан бастап ағылшынша оқытып жатыр. Біле білсеңіз, бұл дегеніңіз қазақ баласына жасалған қиянат. Жалпы қазақ баласының 10 тіл білуге шамасы жетеді. Бірақ өзінің ұлттық рухын қалыптастырмай жатып балаға ерте бастан өзге тілдерді үйрету қылмыспен тең.
SERKE.ORG. "Kaspi bankтегі жанжалға қылмыс әлемінің авторитеті Хасан ата араласты ма?" - Kaspi bank акционері Вячеслав Ким банк қызметі туралы заңға қарамай, банк акцияларын сол банк қаражатының өзіне сатып алып отырған. Кейін алған құнды қағазадар үшін ақы төлеуін талап еткені үшін адвокат Андрей Деркунскийді, қаржыгер Владимир Цойды және ЖШС құрылтайшысы Алексей Щербуды бопса жасады деп айыптаған. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне В. Цойдың әйелі Наталья Цхай мен оның адвокаттары Фарида Исмаилова және Нұрлан Рахманов мәлім етті.
"Қайрат Нұртастың концертінде басы жарылып, көзі шыққан ешкім жоқ" - Әнші Қайрат Нұртастың концерті тоқтауынан туындағаен тәртіпсіздіктер кезінде ауыр жарақат алғандар болған жоқ, деп хабарлады қаланың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлә Кеңесбаева.
ALASHAINASY.KZ. "Тілді әсіреқызыл саясаттың жалаң құралына айналдырмау керек" - Жайық өзені тек қана Жайық жұртшылығын немесе Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарын толғандыратын мәселе емес. Бұл – Ресей Федерациясына, көршілес Атырау облысына да қатысты ортақ мәселе. Экологиялық проблемаға ауысып, судың деңгейі төмендеп, Жайықтың арнасы тартылып бара жатыр. Оған бір жағынан климаттағы өзгерістер: қыста қардың, жазда жауын-шашынның азаюы әсер етсе, екінші жағынан техногендік фактордың ықпалын жоққа шығара алмаймыз. Жайық өзені жөнінде РФ мен Қазақстан Үкіметтерінің өкілдері бірлескен шешім қабылдауға қатысты мәселені қарастырып жатыр.
AIKYN.KZ. "Украинаға қолдау білдірді" - Еуропалық депутаттар шұғыл түрде кеңес өткізіп, күн тәртібінде Кремльдің Украинаға «қысымын» әңгіме өзегіне айналдырды. Брюсель билігі Ресейге қарымта жауап ретінде Украинаны Еуродаққа жылдам енгізу қажеттігін айтып отыр. Тіптен Польша Еуроодақ пен Украина келісімін қарашаға қалдырмай, бүгін-ертең, мүмкін болса келесі аптаға қол қойып жіберсін, – деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Алайда ресми Киев келісімде көрсетілген бірқатар талапты орындауы шарт, атап айтқанда, вице-премьер Юлия Тимошенконы түрмеден босатуы тиіс.
"Шынайы тарихымыз – Шығыста" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыруы бойынша Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында қабылданған шешімдерге сәйкес, қазақ халқының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихын зерттеу нысаналы түрде қолға алына бастады. Осы ретте бірқатар тарихшы мамандар шетелдердегі мұрағат қорларына жіберілді. Олардың ішінде таапсырманы орындап қайтып оралғандары да, әлі де зерттеу жұмыстарын жалғастырып жатқандары да бар. Солардың бірі – Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының тапсырмасымен Түркия мұрағаттарында жұмыс істеп қайтқан ғалым Ислам Жеменей.
"Көккөл құпиясы" - Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, көлден шынында да біртүрлі дыбыстар шығатынын айқындап берді. Келесі жолы тағы да ысқырық естілгенде, экспедиция мүшелері айқай салады. Жаңғырық дауысты күшейтіп, көл үстін жаңғыртып жібереді. Бірақ ысқырық тоқтамайды. Қайта үдей түскендей. Бұл дауысты белгісіз хайуанаттың шығарып тұрғаны сөзсіз еді. Сосын зерттеушілер тағы бір кереметке куә болады. Күн шайдай ашық боп тұрғанда, жаңбыр жауады. Сол уақытта көл алуан түрге енеді. Күн нұрымен көл беті бірде көгілдір, бірде жасыл, кейде кемпірқосақтың алуан түсіне бөленеді. Бейнебір сыйқырлы бояуға енгендей. Бірде судың батыс жағалауынан бір жарым-екі метр жерде кішігірім иірімпайда болып, әлденәрсе көл суын астынан сіміріп жатқандай болады. Осыдан бастап таңғажайыптың тұсауы шешіліп, құпиясы ашыла бастайды.
EGEMEN.KZ. "Боробудур" - Боробудур Ява аралында, Джокьякарта қаласының солтүстік-батыс бетінде 42 шақырым жерде орналасқан. Ол 750-850 жылдар аралығында, Явада Сайлендр (Шайлендр) әулеті билік құрған тұста тұрғызылған деп саналады. Бұрын Индонезия аралдарының көбінде жұрт рухтарға табынатын, ал өркениетке бейімірек Ява мен Суматрада индуизмді ұстанатын. Жаңа дәуірдің алғашқы ғасырларында Үндістаннан индуизм тарала бастаған. Жалпы, Индонезияның тарихында да, өмірінде де, өнерінде де Үндістанның әсер-ықпалы бөлекше. «Индонезия» атауының өзі «Индия» топонимі мен гректің «несос» – арал деген сөзінің қосылуынан шыққан. Сөзбе сөз алғанда «Аралдық Индия» болып шығады. Боробудур атауының мәні екі түрлі түсіндіріледі. Көбірек айтылатыны – «Қыруар Будда». Тағы бір нұсқасында санскрит тіліндегі «вихара Будда Ур» сөзінен шығарып, «Таудағы Будда храмы» деп те айтылады.
"Пан Ги Мун: «Бүкіл әлем Сирияға қарап отыр»" - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун атап өткендей, бүкіл әлем қазір Сириядағы жағдайға көз тігіп отыр. Өкінішке қарай, БҰҰ-ның өзі де, оның Қауіпсіздік Кеңесі де бүл шиеленісті шешуде дәрменсіздік көрсетіп отырғаны да әлемнің көз алдында. Біреулер Қауіпсіздік Кеңесінде пәрменді шешім қабылдауға мүмкіндік бермесе, оны Бас Ассамблеяның талқылауына шығаруға да болар еді ғой дейсің.
ABAI.KZ. "Ресейлік әртістерді әлдақандай қылғанды қояйықшы, а?" - Бір сайт әзілкеш Тұрсынбек Қабатов орыстың КВН-ында ойнайды екен деп байғазы сұрап жатыр екен.
Осы да жаңалық па? Онда Тұрсынбек талай тойда тамада болып жүргенін де жазайық. Тұрсынбек Мәке мен Сәкенің тойын өткізді деп.
KAZAKZAMAN.KZ. "Қазақстан түркі-мұсылман мемлекетіне айналады" - Ол туралы белгілі саясаткер Айдос Сарым мәлімдеме жасады. Ол П.Своикпен пікірталас барысында «Жақын болашақта саны жағынан өзбектер екінші орынға, ұйғырлар үшінші орынға шығады. Қазақстан түркі-мұсылман мемлекетіне айналады»,-деген болжам жасады. Жиырма жылдан кейін орыстар саны жағынан Қазақстандағы төртінші ұлтқа айналады-мыс.
MASA.KZ. "Ерлан Қарин: Қызметтен кетуімнің астарында өзге бір сыр жоқ..." - "НұрОтан" партиясының хатшысы Ерлан Қаринның қызметтен кетуіне байланысты жұрт арасында алуан түрлі пікірлер айтылды. Олардың дені бұл жайтты билік дәлізіндегі ұлтшылдардың "қуадаланып" жатқандығымен байланыстырды. Әсіресе, билік пен халықтың арасына алтын көпір болған Ерлан мырзаның атқарған игілікті жұмыстарына алғыстарын жаудырды. Міне, бүгін Ерлан Қарин мырзаның өзі үн қатып, фейсубктегі парақшасына қызметтен кету себептерін айтқан екен.
TURKYSTAN.KZ. "Қайраттың «пиар» жасауға уақыты жоқ" - Бұл жөнінде әнші және оның анасы Гүлзира Айдарбекова Алматы қаласындағы ұлттық баспасөз клубында журналистерге мәселенің анық-қанығын айтып берді.
"Ұлтшыл болмай, ұпайымыз түгелденбейді" - Соңғы кездері мемлекеттен қаржыландырылатын қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымыздың өзекті һәм қайшылықты мәселелерін батыл көтере бастағаны қуантады. Ащы да болса, ашық жазу, одан шығар жолдарды да көрсете алудың жөні бөлек.