Атырау, 7 желтоқсан 09:05
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстанда мобильді номерлерді беру тәсілі өзгереді

385 рет қаралды

Қазақстанда ұялы телефон нөмірлерін берудің жаңа механизмін енгізу ұсынылды - тек байланыс операторлары арқылы ғана емес, сонымен қатар eGov электрондық үкімет порталы арқылы да жүзеге асыру көзделіп отыр.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Кабенов телекоммуникация секторы мен деректер орталықтарын дамытуға бағытталған заң жобасын көпшілік талқылау барысында хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде байланыс операторлары нөмірлер пулын алуға өтінім береді, содан кейін оларды өз желісі ішінде өздігінен бөледі. Жаңа заң жобасы аясында нөмірлеу ресурсын пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшіннөмірлерді eGov арқылы  бөлуге де мүмкіндік беру ұсынылады.

- Біз бұл заң жобасында нөмірлерді тек операторлар желісі арқылы ғана емес, сондай-ақ eGov арқылы да тарату мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", – деп түсіндірді Кабенов.

Мұндай шара нөмірлеуге бақылауды жақсартуға және түпкілікті пайдаланушылар үшін нөмірлік ресурстарға әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп болжанып отыр. 

2 шілде, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.