Атырау, 7 желтоқсан 09:05
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Көлік министрлігі асфальт-бетон зауыттарын тексеріп жатыр

277 рет қаралды
Сурет: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Министрлік асфальт-бетон зауыттарының жұмысын (АБЗ)  тексеріп, бақылауды күшейтті. Бүгінгі таңда еліміздегі 431 зауыттың 382-сі, яғни 89% тексеруден өтті, деп хабарлады ведомствода. 

Астана, Шымкент қалалары мен Алматы, Жетісу, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе облыстарындағы барлық жұмыс істеп тұрған АБЗ толық қамтылды. Инспекциялық жұмыстарды автомобиль көлігі комитетіне қарасты жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жүзеге асырып жатыр.

Тексеру барысында сапа қызметіне жауапты мамандардың болуы, жол құрылысы материалдарын сақтау және тасымалдау ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, сапаны бақылау бойынша технологиялық регламенттердің бар-жоғы бағаланды.

Инспекция қорытындысы бойынша бірқатар АБЗ-ға қызметін жетілдіру және жаңғырту жөнінде нақты ұсыныстар берілді. Бұл алдағы уақытта зауыттардың қажетті сапа деңгейіне шығуына мүмкіндік береді.

2 шілде, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.