Атырау, 7 желтоқсан 09:07
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

АХҚО әкімшілігінің басшысы тағайындалды

290 рет қаралды
Бақтияр Тілеубеков. Сурет: АХҚО баспасөз қызметі

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасы болып бұрын ұйымда қаржы директоры және әкімшілік мәселелер жөніндегі басшы лауазымын атқарған Бақтияр Тілеубеков тағайындалды. 

Әкімшіліктің директорлар кеңесі 2025 жылғы 28 маусымда тиісті шешімді қабылдады.  

АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров: «Біз Бақтияр Тілеубековтың қаржы орталығы әкімшілігінің Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғаны туралы қуана хабарлаймыз. Жоғары тиімділік пен жауапкершілік көрсеткен ұйымымыздағы дарынды да кәсіби мамандарды қолдап дамыту АХҚО-ның кадр саясатының ажырамас бөлігі. Бақтияр Тілеубековтің тәжірибесі мен басқару дағдылары барлық басым бағыттар бойынша қаржы орталығының одан әрі үдемелі дамуына ықпал ететініне сенімдімін». 

Сондай-ақ, АХҚО Басқарушысы бұған дейін Басқарма төрағасы лауазымында жұмыс істеген Ернар Жанәділге қаржы орталығын дамыту және оның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі мен тиімді жұмысы үшін алғыс білдірді. 

Бақтияр Тілеубеков 2018 жылы АХҚО командасына қосылып, инвестициялық шешімдер департаментінің аға маманы лауазымында жұмыс істеді. Содан кейін осы департаменттің директоры, АХҚО-ның еншілес ұйымы – AIFC Business Connect Ltd. бас директорының орынбасары лауазымын атқарды. Онда қаржы орталығының әлеуетін ілгерілетуге, инвестициялық мәмілелерді құрылымдауға және орталыққа қатысушы компаниялардың қызметін сүйемелдеуге жетекшілік етті. 

2023 жылғы ақпаннан бастап осы тағайындауға дейін Бақтияр Тілеубеков АХҚО Әкімшілігінде қаржы директоры және әкімшілік мәселелер жөніндегі басшы қызметін атқарды.  

Бақтияр жобалар мен тәуекелдерді басқару, бизнесті дамыту және стратегиялық жоспарлау саласында 20 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар маман. Бұған дейін ол ForteBank, HSBC Қазақстан Банкі, ABN Amro Қазақстан Банкі (кейінірек — RBS Kazakhstan) және елдің басқа да қаржы институттарында басқарушы позицияларда жұмыс істеді, онда қаржы секторындағы ұйымдық трансформация, жобалар мен тәуекелдерді басқару жөніндегі бастамаларды іске асыруда жоғары тиімділікті көрсетті. 

2 шілде, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.