
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы маусымда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, көптеген кемшіліктер анықтап, заң бұзғандарды ұстады.
Шекара кеңістігінде барлығы 5 359 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғандар ұсталды, соның ішінде 4 696 шетел азаматы бар.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 569 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
- 62 – қарулар мен оқ-дәрілер;
- 22 – діни әдебиет (346 дана);
- 470 – жалпы сомасы 6,8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
- 837 – жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
- 178 – жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 58 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
- 25 дана жүзу құралдары;
- жалпы ұзындығы 20 км аса торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
- алды алынған залал сомасы шамамен 34 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.
В Атырау +1