
Мәртөк ауданындағы «Жайсан» шекаралық бақылау-өткізу бекетінде ауыр жүк көліктері жиналып, кептеліс пайда болды.
Осыған байланысты оқиға орнына дереу ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен №20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жіберілді. Олар жүргізушілерге жедел көмек ұйымдастырды: ыстық тамақ, ауыз су беріліп, медициналық көмек көрсетілді, санитариялық бақылау жүргізіліп, қажетті ақпараттық қолдау жасалды.
Кептелістің негізгі себебі — шекарадан визасыз өту үшін QR-кодты міндетті түрде пайдалану жөніндегі жаңа тәртіптің енгізілуі.
Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда деп атап өтті ТЖМ. Жүргізушілерге қажетті көмекті көрсету бойынша барлық шаралар уақтылы қабылданып, ахуалды тұрақтандыру жұмыстары жалғасып жатыр.
В Атырау +1