Атырау, 7 желтоқсан 09:19
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қаныш Сәтбаевтың немересі дүниеден озды

445 рет қаралды
Фото: facebook.com/sayasat

Еліміздің ғылым саласына өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға, химия ғылымдарының докторы Әлима Қайнекейқызы Жармағамбетова өмірден озды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ол — біртуар ғалым Қаныш Сәтбаевтың ұрпағы, еліміздің ғылыми ортасында зор құрметке ие болған ғалым еді. Әлима Жармағамбетова ұзақ жыл бойы Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институтында түрлі лауазымдарды абыроймен атқарды. Соңғы жылдары органикалық катализ зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды. Ол инженерден институт басшысына дейінгі жолды жүріп өтіп, ғылымға шынайы берілгендігін көрсетті», - дейді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ол жүздеген шәкірт тәрбиелеп, магистранттар мен докторанттарға «Кинетика және катализ», «Экологиялық катализ», «Мұнай химиясы», «Полимермен тұрақтандырылған наноқұрылымды катализаторлар» сынды пәндер бойынша дәріс берген.

Министрдің айтуынша, ол 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Оның ғылыми мақалалары Scopus базасының жоғары рейтингісі бар журналдарда жарияланды. Әлима Қайнекейқызы халықаралық деңгейде де танымал ғалым. Германия, Франция, Италия, Финляндия, Мажарстан, Түркия, Ресей және Өзбекстан секілді елдерде өткен ғылыми конференцияларға қатысып, қазақ ғылымын әлемге танытты.

1 шілде, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.