Атырау, 7 желтоқсан 09:22
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Астанада жасөспірім "теракт" туралы хабарлап, 6 айға бас бостандығы шектелді

269 рет қаралды

Соңғы екі жыл ішінде Астана қаласында жалған терроризм фактісі бойынша 40-тан астам іс тіркелді.  

Биыл Түркістан облысының кәмелетке толмаған тұрғыны өз өңірінде бола тұра, Астана қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының нөміріне үшінші тұлғаның атынан террористік акт жөнінде жалған хабар берген. Құқық қорғау органдары тарапынан құқықбұзушының жеке басы дереу анықталып, нәтижесінде сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады және оның жазасы ретінде 5 000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға не 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Қылмыстық жауаптылықпен қатар, мұндай әрекеттер материалдық жауапкершілікке де әкеп соғады. Сот шешімімен құқықбұзушылар жалған хабарламаларға әрекет ету барысында мемлекет тарапынан жұмсалған материалдық шығындарды (арнайы қызметтердің жұмысы, полиция, саперлер, кинологтар, жедел жәрдем, өрт сөндіру, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің шығындары, эвакуациялық іс-шаралар, мекемелердің қызметін уақытша тоқтату және т.б.) толық көлемде өтеуге міндеттеледі.

14 жасқа толмаған тұлғалар тарапынан жалған хабар таратылған жағдайда келтірілген материалдық залал үшін олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапты болады.

1 шілде, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.