Атырау, 7 желтоқсан 09:22
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Astana English School​ мектебінде миллиардқа жақын ақша жымқырылды

Бейнежазба
373 рет қаралды
Сурет: 2gis

Астанада №81 Astana English School  мектебінде 900 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны туралы қылмыстық іс көтерілді. 

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласы әкімдігіне қарасты «№81 Astana English School халықаралық мектебі» КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

ҚМА баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу барысында бұрынғы директор мен бас бухгалтер 900 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды.

Бұл соманың бір бөлігі – ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол алынған ақша, алайда бұл қаражат мекеме шоттарына түспей, ұрланған.

Сонымен қатар, шамамен 16 млн теңге іс жүзінде ұйымда жұмыс істемейтін жалған қызметкерлер атына аударылған. Олардың қатарында күдіктілердің жалған түрде рәсімделген туыстары да бар.

Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табыстарға жалпы құны 382 млн теңгені құрайтын мүлік сатып алған: коттедж, елордада екі пәтер және автокөлік. Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.

Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

1 шілде, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.