
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңда қандай өзгерістер бар?
Құқық қорғау қызметін жақсарту: Полиция, прокуратура және т.б. органдардың жұмысын тиімді етуге бағытталған түзетулер енгізілді.
Әлеуметтік қорғауды күшейту: Полиция, әскери қызметкерлер және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік көмек пен жеңілдіктер көбейеді.
Ішкі істер органдарының жұмысын оңтайландыру: «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты іске асыру үшін ішкі істер органдарының қызметі саласындағы заңнаманың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті нақтыланды.
Жергілікті полиция қызметі таратылды: Бұл полиция жұмысын басқаруды жақсартуға бағытталған шара.
Қарасораны өнеркәсіпте пайдалануға рұқсат берілді: Есірткі өндірісіне қолданылмайтын, өнеркәсіптік мақсатта өсіруге рұқсат етілген сорттарын Үкімет анықтайды. Бұл сораны өңдеу және пайдалану тәртібін реттейді.
Бұл заңның мақсаты - құқық қорғау органдарының жұмысын тиімді ету, қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту және халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттыру. Заңның мәтіні ресми ақпарат көздерінде жарияланады.
В Атырау +1