Атырау, 7 желтоқсан 09:19
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстанда аумақтық қорғаныс туралы заң қабылданды

427 рет қаралды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Құжат Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласындағы мемлекеттік саясатының ұйымдық-құқықтық негізін қалыптастырады және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ аумақтық қорғанысты материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. Қорғаныс министрлігіне тиісті функциялар бере отырып, аталған салаға мемлекеттік бақылау енгізілді.

Құжат аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тиісті шараларды ұйымдастыруға және жеткілікті деңгейде қаржыландыруға байланысты бірыңғай тәсілдердің қағидаттары айқындалды. 

Бастаманың авторларының айтуынша, құжатты әзірлеу кезінде аумақтық қорғаныс күштерінің төменде көрсетілген төтенше жағдайлар кезінде қатысу тәжірибесі ескерілген:

  • COVID-19 пандемиясы,
  • Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылу салдарын жою (2020 жыл),
  • Қостанай облысындағы орман өрттерімен күрес (2022 жыл),
  • Елдің солтүстік-батыс өңірлерінде болған көктемгі су тасқындарының салдарын жою (2024 жыл).

Бірізділік қағидаты мен жеткілікті қаржыландыру жаңа заңның негізгі ұстанымына айналды. Құжаттың толық мәтіні ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

30 маусым, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.