
2024 жылдан бастап Қазақстанда болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағытталған «Мансап компасы» атты инновациялық онлайн-платформа іске қосылды.
Жоба Еңбек нарығындағы заманауи трендтерге сүйене отырып, жоғары сынып оқушыларына өзіне сай мамандықты табуға көмектесуді мақсат етеді.
Платформа арқылы оқушылар келесі маңызды ақпаратты ала алады:
-
Сұранысқа ие мамандықтар тізімі;
-
Колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу талаптары;
-
Таңдалған мамандықтың еңбек нарығындағы болашағы мен табыс деңгейі;
-
Аймақтар бойынша кәсіби бағдар беру деректері.
«Мансап компасы» — бұл тек мамандық таңдауға көмектесетін құрал ғана емес, сонымен қатар болашаққа сенімді қадам жасауға жол ашатын сенімді кеңесші.
Платформа туралы толығырақ ақпаратты «Білу маңызды» жобасының жаңа шығарылымынан біле аласыз.
В Атырау -1