Атырау, 7 желтоқсан 12:23
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Парламент сессияны аяқтап, депутаттар каникулға кетті

245 рет қаралды

Қазақстан Парламенті сегізінші шақырылымның үшінші сессиясын ресми түрде жапты. Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттардың президенттік реформалар бағытын жүзеге асыруға белсенді қатысқанын атап өтіп, жұмыс қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Информбюро.

Сессия барысында 158 заң жобасы қаралды, оның 89-ы қабылданды, оның ішінде рақымшылық жасау, МӘМС мәселелері, сондай-ақ Қылмыстық, Салық, Бюджет және Су кодекстеріне өзгерістер енгізу туралы заңдар бар.

Алдағы уақытта Құрылыс кодексі және бірқатар маңызды заңдар, оның ішінде тұтынушылардың құқығы мен банктер туралы заңдарды қарау жоспарланды. 

Депутаттар заң шығару қызметіне қыркүйек айында қайта оралады, ал жазда өңірлерде сайлаушылармен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

30 маусым, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.