Атырау, 7 желтоқсан 12:23
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Шымкенттегі сумен жабдықтау мәселесін енді мемлекет бақылайды

Бейнежазба
253 рет қаралды
Көрнекі сурет

2004 жылдан бастап мемлекеттің үлесі 22%-ды құрайтын Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау нысандарын «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС басқарған.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізген қаржылық талдау нәтижесінде, компанияда серіктес құрылымдармен байланысты күмәнді қаржы операциялармен қатар, шығын белгілері анықталды.

Сумен жабдықтау саласындағы заң бұзушылықтар, оның ішінде Су кодексінің талаптарына сәйкес келмеуі, жекешелендіру кезінде процедуралық ауытқулар және тиімсіз басқару фактілерінің анықталуына байланысты, материалдар нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдікке жолданды.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жекешелендіруді жарамсыз деп тану және оларды бастапқы жағдайына келтіріп, мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.   

Әкімдік берген мәліметтер бойынша, сумен жабдықтау тарифі 30%-ға төмендеуі күтілуде.


30 маусым, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.