Атырау, 7 желтоқсан 12:23
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жазғы маусымға​ "Ақтөбе - Астана" пойызы іске қосылды

266 рет қаралды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2025 жылғы 4 шілде мен 2 қыркүйек аралығында жазғы маусымда Ақтөбе – Астана бағыты бойынша №257/258 жолаушылар пойызын іске қосады, деп хабарлайды ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі. 

Пойыз күн ара қатынап, жолаушыларға демалыс кезеңінде ыңғайлы сапар жасауға мүмкіндік береді.

Пойыз кестесі:

  • Ақтөбеден жөнелтілуі: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 шілде, 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 тамыз.
  • Астанаға (Нұрлы жол) келуі: 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 шілде, 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 тамыз.
  • Астанадан (Нұрлы жол) жөнелтілуі: 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 шілде, 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 тамыз және 1 қыркүйек.
  • Ақтөбеге келуі: 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 шілде, 2, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 тамыз және 2 қыркүйек.

Пойыз құрамында 12 вагон (6 купе, 6 плацкарт) бар, олар кондиционерлермен жабдықталып, 500-ден астам жолаушыға есептелген.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және теміржол кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.

30 маусым, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.