
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды.
Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына Сауранбаев Нұрлан Ермекұлының кандидатурасы келісілді.
Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген.
С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Мұнай өнеркәсібі оқыту орталығын (Италия) тәмамдаған. Мамандығы – экономист, мұнай басқару ісі бойынша магистр.
Еңбек жолын 1991 жылы жекеменшік коммерциялық компанияның басшысы ретінде бастап, 1997 жылға дейін сонда жұмыс істеген.
1997–1998 жылдары – ҚР Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры.
1998–2000 жылдары – «Қазақстан темір жолы» РМК департаментінің директоры.
2000–2002 жылдары – «Қазахойл» ЖАҚ құрамындағы «Атырау мұнай өңдеу зауытын» жаңғырту жобасын басқару тобының жетекшісі, бірінші вице-президент, бас менеджер.
2002–2004 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ инженерлік және сервистік жобалар департаментінің директоры.
2004–2007 жылдары – «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.
2007–2010 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.
2010–2011 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасарының кеңесшісі, басқарушы директоры.
2011–2014 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.
2014–2016 жылдары – Қорғаныс министрінің орынбасары.
2016–2017 жылдары – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу штабының ұйымдастыру комитетінің жетекшісі.
2017–2018 жылдары – Шымкент қаласының әкімі.
2019–2021 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісі.
2021 жылдың сәуірінен бастап осы күнге дейін – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.
В Атырау -1