
2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанға 5 496 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 153 мың этникалық қазақ оралған.
Келген қандастардың 45,8%-ы Қытайдан, 41,2%-ы Өзбекстаннан, 5,5%-ы Түрікменстаннан, 2,6%-ы Монғолиядан, 2,4%-ы Ресейден және 2,5%-ы басқа елдерден келген.
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қандастардың 60,1%-ы еңбекке қабілетті жаста болса, 31%-ы еңбекке қабілетті жастан кіші, 8,9%-ы зейнеткерлік жаста.
Еңбекке қабілетті қандастар арасында білім деңгейі бойынша 17%-ы жоғары білімді, 27,4%-ы орта кәсіби білімді, 53,2%-ы жалпы орта білімді, ал 2,4%-ы білімсіз.
Қоныс аударған этникалық қазақтар Қазақстанның әртүрлі өңірлеріне орналасты. Еңбек күші тапшы өңірлер ретінде Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары белгіленді.
2025 жылы аталған өңірлерге қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамға қойылған, ал 1 маусымға дейін 917 қандас осы өңірлерге қоныстанды.
Қоныстанған қандастарға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады: көшуге бір мезгілде отбасының әр мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге), тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге бір жылға 15-30 АЕК (59-118 мың теңге) көлемінде субсидия беріледі.
2025 жылдың алғашқы алты айында 340 қандасқа түрлі қолдау көрсетіліп, оның ішінде 163 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар, солтүстік өңірлерге қоныс аударуды ынталандыру мақсатында тұрғын үй сатып алу, салу немесе ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасын жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Бұл сертификат тұрғын үй құнының 50%-ына дейін немесе бір отбасына 4,56 миллион теңгеге дейін біржолғы, қайтарымсыз негізде беріледі.
В Атырау -1