Атырау, 7 желтоқсан 12:23
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Индонезияда екі қазақстандыққа өлім жазасы қаупі төніп тұр

375 рет қаралды
Сурет: freepik.com

2025 жылғы 26 маусымда Сенатта өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Индонезияда ұсталған екі қазақстандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Индонезияда тергеу амалдары жүріп жатыр, ал қазақстандық тарап азаматтардың құқығын қорғау үшін елшілік арқылы жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, ол Қазақстан мен Индонезия арасында сотталғандарды айырбастау туралы келісімнің жоқ екенін атап өтті.

«2014 жылдан бері Қазақстан мұндай келісім жасау туралы ұсыныс білдірген. Бірақ ол кезде қажеттілік болмаған. Қазір бұл қажеттілік туындап отыр», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес, консулдық қызмет өкілдері азаматпен тек оның келісімімен кездеседі. Қазіргі уақытта елшілік пен азаматтар арасында байланыс орнатылған.

БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, екі қазақстандық 2025 жылдың сәуірінде Бали аралында ұсталған. Олардан шамамен 49 грамм кристалды метамфетамин табылған. Индонезия заңдары бойынша мұндай қылмыс үшін өлім жазасы қарастырылған.

26 маусым, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.