Атырау, 7 желтоқсан 12:23
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстанда экотуризм қағидаттары алғаш рет ресми түрде бекітілді

377 рет қаралды
Сурет: freepik.com

2025 жылғы 25 маусымда өткен Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елімізде экотуризм қағидаттарының алғаш рет ресми түрде айқындалғанын мәлімдеді. Бұл қадам Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру аясында қабылданған маңызды шешімдердің бірі болып отыр.

Министрлік 2024 жылы экотуризмнің жаңартылған ұлттық стандартын әзірлеп, бекітті. Айта кетейік, бұған дейінгі стандарт 2017 жылы қабылданған болатын.

Жаңа стандарттың негізгі ерекшеліктері:

  • Халықаралық тәжірибеге негізделген экотуризм қағидаттары алғаш рет ресми түрде енгізілді;

  • Туристік ұйымдар мен қызмет көрсету сапасына қойылатын нақты талаптар бекітілді;

  • Өнім мен көліктің экологиялық тазалығы, табиғи және мәдени мұраны сақтау көрсеткіштері айқындалды;

  • Стандарт Тұрақты туризм жөніндегі жаһандық кеңестің (GSTC) ұсыныстары мен әдістемелеріне сәйкес әзірленді.

Министрдің айтуынша, жаңартылған құжат табиғатты қорғау мен туризм инфрақұрылымын дамыту арасында тепе-теңдікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ саланың барлық қатысушылары үшін бірыңғай ережелер мен бағыт-бағдар қалыптастырады.

Экотуризмді дамыту — Қазақстанның туризм саласындағы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Жаңартылған стандарт елдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жауапты туризмді ілгерілетуге және биоалуандықты сақтауға серпін береді.

Бұл бастама «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралардың бір бөлігі ретінде туризм мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді.

25 маусым, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.