Атырау, 7 желтоқсан 12:23
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстанда дәрігерлердің тапшылығы 20%-ға қысқарды

392 рет қаралды

Қазақстанда қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша дәрігерлер тапшылығы 20%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Мемлекет медицина кадрларын, әсіресе ауылдық жерлерге тарту және тұрақтандыру мақсатында бірқатар қолдау шараларын жүзеге асыруда. Олардың қатарында:

  • әлеуметтік кепілдіктер беру;

  • тұрғын үй жағдайын жақсарту;

  • материалдық ынталандыру бар.

2024 жылы Мемлекет басшысы медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған заңға қол қойды. Бұл қадам мамандықтың беделін арттыруға серпін берді.

Нәтижесінде:

  • 2024 жылы дәрігерлер тапшылығы 3 986 бірлікті құрады (2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға аз);

  • Орта медициналық персонал бойынша тапшылық 4 230 бірлікті құрап, 7%-ға қысқарды.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдегі денсаулық сақтау жүйесінде барлық ведомстволық мекемелерді қоса алғанда, шамамен 275 мың медицина қызметкері жұмыс істейді:

  • 83 мыңнан астам дәрігер;

  • 191 мыңға жуық орта медицина қызметкері.

Соңғы үш жылда медицина кадрлары саны тұрақты өсуде:

  • дәрігерлер саны – 2%-ға;

  • орта медицина мамандары – 0,5%-ға артқан.

Бүгінде Қазақстанда медициналық кадрлармен қамтамасыз ету деңгейі ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерінен асып түседі.

Заң аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды шаралар:

  • 2024 жылдың қазанынан бастап 186 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтитын кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесі енгізілді;

  • Ауылдық жерлерге 5 жылға және одан да ұзақ мерзімге жұмыс істеуге барған тапшы мамандықтар дәрігерлеріне 100 ЕТЖ (8,5 млн теңге) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді. Қазіргі таңда 254 дәрігерге жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам төлем жасалған.

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін қорғау мен кадрлық әлеуетті арттыруға бағытталған реформаларды жалғастырмақ.

25 маусым, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.