Атырау, 7 желтоқсан 12:23
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Отандық әуе компаниялар жолаушыларды БАӘ мен Катардан елге тасымалдайды

310 рет қаралды
Фото: freepik.com

Бүгін SCAT және Air Astana әуе компаниялары Дубай мен Доха қалаларынан Алматы мен Астанаға 6 рейс орындайды.

Таяу Шығысқа ұшулар әлі де алты мемлекеттің (Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан) әуе кеңістігін айналып өту арқылы жүзеге асырылуда.

Мәселен, Air Astana 25 маусымнан бастап Дубайдан Алматы мен Астанаға, сондай-ақ Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстерін қайта іске қосты. Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген рейстердің жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылады.

"SCAT" әуе компаниясы азаматтарды Катар елінен Қазақстанға шығара бастады. "Доха-Алматы" рейсі бүгін Катар уақытымен сағат 07:35-те орындалды. Бортта 213 жолаушы болды. Сондай-ақ, бүгін "Доха-Астана" рейсі орындалады. Борт Дохадан Катардың жергілікті уақытымен сағат 14:30-да ұшады деп жоспарланған. Жолаушылардың саны — 290 адам.

Азаматтарды әкетуге арналған келесі жоспарланған чартерлік рейстер:

27.06.25 Доха-Астана
29.06.25 Доха-Алматы

25 маусым, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.