Атырау, 7 желтоқсан 12:25
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Сот Спорт мнистрлігін параспортшыға ақшалай жүлдені төлеуді міндеттеді

391 рет қаралды

Өскемен қаласының тұрғыны, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт клубының атынан пара-қол күресінен халықаралық чемпионаттарда өнер көрсеткен мүмкіндігі шектеулі спортшы сотта халықаралық жетістіктері үшін ақшалай сыйлығын алу құқығын қорғап шықты.

2022 және 2023 жылдары Анталия (Түркия) және Алматы қалаларында өткен әлем чемпионаттарында армрестлингтен жүлделі орындарға ие болған (екінші және үшінші). Алайда, Спорт және туризм министрлігі жаңа нормативтік актіде көзделген құжаттарды ұсынудың ресми мерзімдерін сақтамау және 20 елден келген қатысушылар санының жеткіліксіздігін алға тартып, спортшыға ақшалай сыйақы төлеуден бас тартқан.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты спортшының талабы мен іс материалдарын зерделей келе: 

  • 2022 жылғы чемпионатты өткізу кезінде аталған талап қолданыста болмағанын, сондықтан оны ретроспективті түрде қолдануға болмайтынын,
  • қазіргі заңға тәуелді актілерде паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортшыларды ынталандыруға тікелей тыйым салынбағанын, 
  • Төлеуден бас тарту Конституцияның нормаларын, Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін, соның ішінде БҰҰ-ның мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары туралы конвенциясын, сондай-ақ әкімшілік рәсімдердің негізгі қағидаттарын – соның ішінде, кемсітуге және ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салуды қоса алғанда, бұзады деген қорытындыға келген.  

Сотта талап қоюшының халықаралық жарыстарға қатысуы мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде бюджеттен қаржыландырумен жүзеге асырылғанын, бұл оның қызметін мемлекет мүддесін білдіру деп тануды көрсететінін атап өтті. 

Жарыс аяқталғаннан кейін министрлік спортшының ақшалай ынталандыру алуға құқығы жоқ деген ұстанымын сенімді қорғау қағидатын бұзу деп бағалады. 

Сот шешімімен Министрлiкке тиiстi құқықтық қатынастар туындаған кезде заңда белгiленген мерзiмде заңнамада көзделген мөлшерде көтермелеу төлемдерi бойынша қолайлы әкiмшiлiк актiлер қабылдау тапсырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

25 маусым, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.