Атырау, 10 сәуір 05:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

СҚО экономикасы бес айда 9,4%-ға өсті

260 рет қаралды
gov.kz

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, өңірдің биылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша облыс экономикасы 9,4%-ға өсті. Негізгі салаларда тұрақты өсім байқалады:

  Құрылыс — +28,9%  

Сауда — +12,5%  

Өңдеу өнеркәсібі — +12,2%  

Ауыл шаруашылығы — +7,5%  

Тұрғын үйді пайдалануға беру — +7,6%  

Инвестиция — +6,7>#/p###

Облыс әкімі бұл нәтижелер барлық деңгейде үйлесімді жұмыстың жемісі екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді:

-экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету  

-инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен инвесторлармен жұмысты күшейту  

-құрылыс пен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарының орындалуын бақылау

24 маусым 2025, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.