Атырау, 7 желтоқсан 12:23
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жеккөрушілікті насихаттағаны үшін түрме: терроризмді насихаттаған үш өңірдің тұрғындары сотталды

383 рет қаралды
Сурет: ҰҚК

Шымкент қалалық соты 2025 жылғы мамырда осы мегаполис тұрғынын терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

ҰҚК тергеген қылмыстық іс аясында ол айналасындағыларды адамдарды өлтіруге шақырып, діни негізде зорлық-зомбылықты ақтағаны анықталды.

Бұдан бөлек, маусымда ҰҚК материалдарына сәйкес, сондай-ақ Атырау және Ақтөбе облыстары соттарының шешімдерімен діндарлар арасында терроризмді насихаттағаны үшін еліміздің екі азаматы тиісінше 7 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сонымен бірге, фигуранттар жалпы қылмыстары мен террористік белсенді аймақтарға шығуға әрекеті үшін соттылығы болған.

Аталған адамдарға қатысты үкім заңды күшіне енді.

Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша 52 адам, оның ішінде 2 шетелдік азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Тағы 52 адамға қатысты тергеу жалғасуда.

24 маусым, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.