Атырау, 7 желтоқсан 12:23
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Оңай табыс ауыр жазаға әкеп соқты

366 рет қаралды
Фото: freepik.com

Қала тұрғыны материалдық пайда және заңсыз жолмен баю мақсатында «Бинго» ойынын заңсыз «Instagram» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде жүргізген.

Ойын шарттарына сәйкес, тікелей эфирде бәс тігу сомалары әртүрлі ақшалай қаражатты құрап, қатысушылардың арасынан жеңімпазды анықтап, оған ұтысты телефон номері арқылы жолдаған.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде 90,6 млн теңге табыс тапқан.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсі туралы сотқа жеткілікті дәлелдемелер ұсынды.

Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

24 маусым, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.