
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты осы елдерде қалған қазақстандықтардың саны туралы хабарлады.
Министрлік өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі уақытта Иранда шамамен 50 қазақстандық бар, олардың басым бөлігі дипломатиялық миссия қызметкерлері.
— Біздің дипломаттар жоспарлы режимде жұмысын жалғастыруда. Қазіргі күні олардың қауіпсіздігіне төнетін төтенше жағдай тіркелген жоқ, — деді Смадияров брифингте.
Израильде шамамен 170 қазақстандық бар. Бұған дейін Қазақстан тарапынан Иран мен Израильден қауіптің артуына байланысты 290-дан астам адам эвакуацияланған.
Сыртқы істер министрлігі отандастарды осы елдерде сақтық шараларын ұстануға, елшіліктермен байланыста болуға және жергілікті билік нұсқауларын орындауға шақырады.
В Атырау -1