Атырау, 7 желтоқсан 12:28
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Мойынқұм ауданында борышкерге қатысты алимент бойынша үкім шығарылды

360 рет қаралды
Фото: freepik.com

Мойынқұм ауданы прокуратурасының талдау нәтижелерімен балаларын асырауға алимент төлеуден әдейі жалтырған борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелген.

Борышкер 2021 жылдан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін тиісті қорытынды жасамай, өзінің нақты кірістерін бейресми жұмысқа орналасу арқылы жасырып,алимент төлеуден жалтыруды жалғастырған. Қарыз соммасы 6 млн теңгені құрады.

28.05.2025 жылы сот борышкерді ҚК-тің 139-бабымен кінәлі танып, оған қатысты бір жыл бойы пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Нәтижесінде, бүгінге борышкер алғашқы төлемдерді бастады.

Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған іргелі шараларды қабылдауды жалғастырады.

23 маусым, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.