Атырау, 7 желтоқсан 12:28
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі инвестордың жобасын келісуді кешіктірді: прокуратура араласты​

384 рет қаралды

Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың кешенді өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске асыратын отандық инвестордың проблемасы анықталды.

Атап айтқанда, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі заң талаптарына қайшы, инвестициялық келісім жобасы бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияны құру мерзімін 47 күнге (15 жұмыс күнінің орнына) дейін ұзартты.

Салалық қорытынды беру 9 жұмыс күніге кешіктірілді. Сонымен қатар, өтінімді жалпы қарау және келісімнің негізгі шарттары туралы қорытынды дайындау мерзімдері бұзылды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі департаментінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, прокурорлар елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінгі таңда прокурорлар 1 352 инвестордың 801 проблемалық мәселелерін шешті. Бұл жұмыс жалғасуда және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.

23 маусым, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.