
Жоғарғы Сот Төрағасы А.А.Мерғалиевтің төрағалығымен Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Бас Прокурордың орынбасары Ә.Шындалиев пен қорғаушы-адвокат Н.Қамысбайдың қатысуымен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған Қ.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Бейнеконференцбайланыс арқылы сотталғанның қатысуы да қамтамасыз етілді.
Сот алқасы іс материалдары мен тараптың дәлелдерін зерделей келе, мынадай қорытындыға келді.
Қ.-ның мас күйінде күш қолданып, қорқытып, кәмелетке толмағанға (2018 ж.т.) қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасағаны анықталды.
Қ.-ның кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің айғақтарымен, бейнебақылау камерасынан түсірілген бейнежазбамен, сот сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.
Қ.-ның жазасы қылмыстың ауырлығы, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың жоқтығы және ауырлататын мән-жайдың болуы – қылмысты мас күйде жасау ескеріле отырып тағайындалды.
Кассациялық қараудың қорытындысы бойынша сот алқасы сот актілерін өзгеріссіз қалдырды.
В Атырау -1