Атырау, 5 қазан 11:20
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Туған күннің соңы қайғылы қазаға ұласты

3 748 просмотра

Жылыой ауданында туған күн тойлаушылардың ақыры кісі өлімімен аяқталған.

Аудандық прокурордың көмекшісі Алмабек ШУКАМАНОВТЫҢмәлімдеуінше оқиға былай болған. Бес құрдас туған күн тойлайды, отырыс қызған сайын шөлмектер бірінен соң бірі босап жатқан. Шөлмекке сыйғанымен адам ішіне сыймаған ащы арақтардан соң құрдастардың арасында әзәзіл орнайды. Көңіліне жақпаған сөздер айтты деді ме, қара күшіне сенген К. Т. «досымен» үй артына барып есеп айырысуды ойлайды. Сөйтеді де асханалық пышақты жәбірленушінің желке тұсына сұғып алады. Сарапшылардың сот‑дәрігерлік анықтамасы бойынша жәбірленушінің ауыр дене жарақатынан қайтыс болғаны сотта атап көрсетілген болатын.

Жуырда болған Жылыой аудандық сотында К. Т. ҚР ҚК 103-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп табылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 сәуір 2011, 21:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.