
2025 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық шаралар аясында Израильден 66 азаматты (Мысыр арқылы), ал Ираннан 78 азаматты (Армения — 73, Әзербайжан — 2, Түрікменстан — 3) қауіпсіз шығарды.
Иран мен Израильдегі дипломаттар қазақстандықтарға қажетті консулдық және құқықтық қолдауды көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
Қазақстан СІМ Израиль, Мысыр және Армения үкіметтеріне, сондай-ақ эвакуацияға қолдау көрсеткен Иран, Әзербайжан және Түрікменстандағы әріптестеріне алғысын білдіреді. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде еліміздің азаматтары аман-есен өз отандарына оралу мүмкіндігін алды.