Атырау, 8 шілде 17:12
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

​Таразда есірткі шығаратын жасырын зертхана жойылды​

417 рет қаралды

2025 жылғы мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Тараз қаласында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою операциясын жүргізді.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 66 килограммнан астам мефедрон психотропты заты мен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

20 маусым, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.