Атырау, 8 шілде 16:27
 ашықВ Атырау +27
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

​Мұрат Боранбаев ұсталды - Алматыдағы ақылы көлік тұрағы бойынша істің фигуранты

542 рет қаралды

Мурат Боранбаев. Фото: qamqor.gov.kz

Мұрат Боранбаев. Фото: qamqor.gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың бауыры, кәсіпкер Мұрат Боранбаев ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Боранбаевқа қатысты іздеу туралы хабарлама 2022 жылы жарияланған болатын. Ол Алматы қаласындағы ақылы автотұрақтарға байланысты істе ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінген. Дәл осы жылы A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты бюджет қаржысын заңсыз иемденді деген күдікпен тергеу амалдары басталған еді.

Заңды статистикалық органдар порталында 2022 жылы жарияланған Мұрат Боранбаевты іздеу туралы мәліметтің жоғалып кетуі көпшіліктің назарын аударды. Бұл жағдайға байланысты Қаржы мониторингі агенттігі БАҚ өкілдерінің сұрауына жауап беріп, кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісінің ұсталғанын растады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, М.С. Боранбаевтың ұсталуына байланысты іздеу шаралары 2024 жылдың 24 желтоқсанында тоқтатылған.


20 маусым, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.