Атырау, 7 желтоқсан 18:17
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстандықтар су тасқыны және басқа табиғи апаттан тұрғын үйлерді сақтандыру​ міндетті ​болады

358 рет қаралды
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев табиғи апаттар тәуекелдерін басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

Биылғы жылдың мамыр айында табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыруды енгізу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Жол картасына сәйкес атқарылған жұмыстар туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қаржы министрлігі, Цифрлық даму министрлігі есеп берді.

Бүгінгі күні табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыру туралы Заң жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. Заң жобасында мемлекеттік сақтандыру ұйымын құру, табиғи апаттар қаупі жоғары өңірлердің тізімін бекіту, сақтанушылардың міндетті жарналарын жинау тәртібі, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі және т.б. көзделген.

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи апаттарға ұшырау қаупі бар аумақтарды айқындау және ел өңірлерінің тәуекелге ұшырау деңгейлерін анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар жобаларын әзірледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізілуде, табиғи апаттар кезінде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін шұғыл несие алу шарттары бойынша халықаралық сарапшылармен консультациялар өткізілді.

20 маусым, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.