
Қаржы мониторингі агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мемлекет қатысатын үлесті заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Атап айтқанда Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне тиесілі жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын «Технопарк «Алтай» ЖШС-дегі үлесті кері қайтарылды.
2018–2020 жылдары университеттің бұрынғы басшылығы «Технопарк «Алтай» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз түрде жекеменшікке өткізгені анықталды.
ҚМА тергеуінің нәтижесінде университетке жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын «Технопарк «Алтай» ЖШС-дегі 100% үлес, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі қайтарылды.
Ведомствоның хабарлауынша, қайтарылған активтер зертханалық және оқу базаларын орналастыруға, сондай-ақ травматология, ортопедия және онкологиялық протездеуге арналған медициналық өнімдер шығаратын инновациялық кластерді дамытуға пайдаланылады.
В Атырау -3