Атырау, 7 желтоқсан 18:17
 ашықВ Атырау -3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Желтоқсан оқиғасының құрбаны 40 жылдан кейін ақталды

306 рет қаралды
Видеодан қиып алынған стоп-кадр

Ақтөбе қаласының тұрғыны 1984 жылы Гурьев облыстық партия комитеті мен Мақат локомотив депосы кәсіподақ комитетінің жолдамасымен Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық бөліміне оқуға түседі. 1985 жылы осы университеттің философия және экономика факультетінің студенті атанған. 

Алайда, оны 1986 жылы қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен университеттің екінші курсынан шығарған. Оның оқудан шығарылуына 1986 жылы 18 желтоқсанда Желтоқсан оқиғасына қатысты деген күдікпен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айып тағусыз ұсталуы себеп болған.

Кейін босатылғанымен студент КОКП қатарынан шығарылып, қуғын-сүргінге ұшырап, жұмысқа тұра алмаған. Сол университеттің философия факультетін бітірген оның әйелі де осындай себептермен жұмысқа орналаса алмай, түрлі кедергілерге кездескен. Олардың үш кішкентай баласы бар отбасы баспананы жалға алуға мәжбүр болған және әлеуметтік жағынан осал жағдайға тап болған.

2025 жылы 64 жастағы азамат өзін саяси қуғын-сүргін құрбаны деп тану туралы сотқа талап арыз бен жүгінді. Ақтөбе қалалық №3 соты істі зерттей келе, арызданушының шынымен саяси қудалауға, оның ішінде еңбек құқықтарын шектеуге ұшырағанын анықтады. 

Азаматтық процестік кодексінің 306-бабын және «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңның 2-бабын басшылыққа ала отырып, сот талап қоюшыны 1986 жылғы оқиғаға байланысты саяси қуғын-сүргін құрбаны деп таныды.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

20 маусым, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.