
2025 жылғы 19 маусымда Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қолдап, оны Мемлекет басшысының қол қоюына жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz..
Депутат Мұрат Қадырбектің айтуынша, заң бір реттік ізгілік шарасы ретінде әзірленген және қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін азаматтарға қатысты жазаны жеңілдетуді көздейді.
Алдын ала мәлімет бойынша, рақымшылық 15,1 мыңнан астам адамға қолданылады. Оның ішінде 4,1 мыңы қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылса, 11 мыңға жуық сотталғанның жаза мерзімі қысқартылады.
Заңда жазадан босатылатындар мен жаза мерзімі қысқартылатын тұлғалар санаты нақты көрсетілген:
-
Онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған, зиян келтірмеген немесе келтірген залалды толық өтегендер;
-
Әлеуметтік осал топтардағы азаматтар;
-
Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар үшін жаза бөлігін қысқарту қарастырылған (мысалы, аса ауыр қылмыстар үшін – төрттен бірге дейін қысқаруы мүмкін);
-
Мүлiктi заңсыз иемденген немесе аса ірі алаяқтық жасағандар, егер келтірілген залалды толық өтесе — бестен бір бөлігі қысқартылады.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәлімдеуінше, бұл заң Бақытжан Байжанов (Бишімбаевтың ағасы) сияқты тұлғаларға да мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігін қарастыруы ықтимал.
Заң енді Президент қол қойған соң күшіне енеді.
В Атырау -3